Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада мыңға жуық адам бір пәтерге тіркелген

Жарияланған күні:

Пәтер
Пәтер. Көрнекі фото: pixabay.com

Прокурорлар жалған мекен-жайлар бойынша және "резеңке пәтерлерде" тіркелген 22 мың шетелдікті анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Бас прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.

"Астанадағы бір пәтерде шетелдіктерді қосқанда 937 адам тіркелген, бірақ онда бір ғана отбасы тұрған", - делінген хабарламада.

Алматы облысында осындай 13 мың факт анықталды.

Тексеріс нәтижелері бойынша құжаттарды қолдан жасауға, шекараны заңсыз кесіп өтуге, сот актілерін орындамауға және басқа да бұзушылықтарға байланысты барлығы 42 іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазіргі жағдайда көші-қон процестерін тиімді басқару елдің қауіпсіздігін, тұрақтылығын және дамуын қамтамасыз етудің негізгі элементіне айналады.

Осыған байланысты алқа қорытындылары бойынша шекаралардың инженерлік-техникалық қорғалуын нығайтуды, ақпараттық жүйелерді жаңғырту мен интеграциялауды, сондай-ақ заңнамалық түзетулерде көзделген жаңа ережелерді іске асыру шараларын пысықтауды көздейтін кешенді шаралар әзірленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2106099-astanada-myngga-zhuyq-adam-bir-paterge-tirkelgen/