Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана мектептеріне азық-түлік жеткізушілерге аспаздардың маникюрі үшін айыппұл салынды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Мектеп асханасы
Мектеп асханасы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астанада елорда мектептеріне азық-түлік жеткізушілерге ірі көлемде айыппұл салынды. Кәсіпкерлер санитар дәрігерлердің уәжімен келіспейді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Кәсіпкерлердің сөзінше, оларға шұжықтың қасындағы қияр үшін және маникюрі бар аспаздар үшін айыппұлдар салынған. Бұл ретте айыппұл сомасы 1,3 миллион теңгеге жетуі мүмкін.

Бұған ашуланған кәсіпкерлер әділдік талап етті.

"Аспаздың қолғап кигеніне қарамастан неге біздің кәсіпкерлерге айыппұл салынып жатыр? Тамақтардың мерзімі өтпеген. Біз Астана қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті заңды түрде әрекет етпеді деп есептейміз", - дейді Қазақстан Республикасы бөлшек сауда және қоғамдық тамақтандыру қауымдастығының өкілі Марина Лаптева.

Астаналық мектептерге азық-түлік жеткізіп отырған кәсіпкерлер республикалық кәсіпкерлікті қорғау палатасының кеңсесіне жиналды. Олар аспаздар жасаған заңбұзушылықтар үшін аспаздың өзіне айыппұл салу керектігін алға тартады. Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтамағаны үшін білім беру мекемелерінің әкімшілігі жауапкершілікке тартылуы керек дейді кәсіпкерлер.

Елордалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдері бұған қатысты жауап берді. Олардың пікірінше, заңда керісінше жазылған.

"27-бапта кәсіпкерлік субъектісі өз қызметкері тарапынан жіберілген бұзушылықтар үшін санитарлық нормалардың талаптарын тиісті түрде орындауға міндетті деп нақты көрсетілген", - деді Астана қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Сархат Бейсенова.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2106177-astana-mektepterine-azyq-tulik-zhetkizushilerge-aspazdardyng-manikiuri-ushin-aiyppul-salyndy/