Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық әзілкеш бейәдеп сөз айтқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Жарияланған күні:

Сот балғасы
Сот балғасы. Көрнекі фото: Рolisia.kz

Қазақстандық әзілкеш, стенд-апшы Нұрашхан Басқожаев сахнада әдепсіз сөздер айтқаны үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жоғарғы сотқа сілтеме жасап хабарлайды

Әзілкешке Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылды.

Сот мәліметінше, айыпталушы ойын-сауық мекемесінде стендап көрсету кезінде жиналғандарға қатысты әдепсіз сөздер айтып, сол арқылы қоғамдық тәртіпті бұзғаны анықталды.

Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растады.

"Сот айыпталушыны ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Жоғарғы соттың баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне әңгіменің осыған дейін Мадленмен жанжалдасып қалған әзілкеш Нұрашхан Басқожаев туралы екенін растады. Сөйтіп, мамыр айының басында Мадлен алматылық әзілкештің оған айтылған әзіл-қалжыңы үшін сотқа беретінін мәлімдеген еді.

"Бәріне ақшаны ұрлай беруге болады, Дубайға кетуге болады. Содан кейін Мадлен сынды блогерлерге тапсырыс беріп, олармен бірге елдің солтүстігі қалай батып бара жатқанын көресіз. Соңында әзіл болуы керек, бірақ мен оны ойлап таппадым", - деген ол әзілінде.

Мадлен бұл істі осылай қалдырмайтынын айтқан еді. Ол өзі және басқа да танымал блогерлер әйелдер құқығы үшін күресіп жатқанын және су тасқынынан зардап шеккендерге 200 миллион теңгеден астам ақша жинағанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2106234-qazaqstandyq-azilkesh-beiadep-soz-aitqany-ushin-akimshilik-zhauapkershilikke-tartyldy/