Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелін қызғанған Теміртау тұрғыны досын қылғындырып өлтірген

Жарияланған күні:

Читать на русском
Жұдырық
Жұдырық. Көрнекі фото: pixabay.com

Теміртау қаласының 50 жастағы тұрғыны танысын өлтіргені үшін сот алдында жауап берді. Ер адам әйелін қызғанып, досын қылғындырып өлтірді, деп хабарлайды Қарағанды облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот үкіміне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сот мәліметінше, кісі өлтіру оқиғасы биыл қаңтарда сотталушының пәтерінде болған. Екі ер адам бірге ішімідк ішкен. Үстел басында ұйықтап қалған үй иесі әйелінің қарсылық білдіріп жатқанында оянған. Әйел қонаққа қолыңды тарт деп айқайлаған.

Екі ер адам арасында жанжал басталған. Бір кезде екеуі де еденге құлап, сотталушы досын қылғындырған.

Төбелес кезінде сотталушының әйелі оларды ажыратуға тырысқан. Ол өзінің дәрменсіздігін түсініп, полиция мен жедел жәрдем шақырған. Ер адам ұсталып, оған адам өлтірді деген айып тағылған.

Қылмыстық істі Қарағанды облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қарады. Сотталушы өз кінәсін мойындады. Сот оны 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа режимдегі түзеу мекемесінде өтеуге үкім етті.

Сондай-ақ олар одан моральдық шығын үшін 2 миллион теңге және материалдық шығын үшін 500 мыңнан астам теңге өндіріп алған. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2106318-aielin-qyzgangan-temirtau-turgyny-dosyn-qylgyndyryp-oltirgen/