Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бишімбаевтың бұрынғы әйелі: Балаларымның ата-әжесімен араласуына тыйым салдым

Жарияланған күні:

Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман
Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман. Видеодан скриншот: youtube.com/@Assel_Kozhakova

Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман балаларының ата-әжесімен араласуына не себепті тыйым салғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Назым Қаһарман Instagram-дағы парақшасында оқырмандарымен тілдесіп, жан сырын ақтарды. Экс-министрдің бұрынғы әйелі орын алған бірқатар жағдайдан кейін ата-енесімен қарым-қатынасын үзуді шешкен.

"Балаларымның әкесінің, оның ата-анасының ұстанымы менің өмірлік қөзқарасым мен қағидаларыма қарама-қайшы болды. Соңында мен олармен араласуға тыйым салдым. Ажырасуға дейін де, одан кейін де сырттан мен жайлы жағымсыз нәрселер айтқандарына сабырмен қарадым. Бірақ балаларыма бардық жағдайды түсіндіріп, олар мені жақсы көрмейтіндерін айттым", - деп жазды Назым Қаһарман.

Сонымен қатар Бишімбаевтың экс-келіншегі балаларының ата-әжесіне жаны ашитынын айтты.

"Ата-әжесіне менің де жаным ашиды. Олардың қандай жағдайға келіп, не істегендеріне қарасаң жаның ашиды екен. Бірақ десе де дегендерінен қайтқысы жоқ. Сол қорқынышты. Мен балаларымды қатты жақсы көремін. Оларды біреудің пайдасына беріп қоймайды екенмін. Перзенттерімнің психикасы мен денсаулығы мен үшін аса маңызды. Ата-әжесінің олармен жақсы қарым-қатынаста қалуға мүмкіндігі болды. Бірақ шешімдері осы болды", - деп жазды Назым Қаһарман.

Назым Қаһарманның Stories-i
Назым Қаһарманның Stories-i. Скриншот: Instagram/nazymkakharman

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2106333-bishimbaevtyng-buryngy-aieli-balalarymnyng-ata-azhesimen-aralasuyna-tyiym-saldym/