Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"100 млн теңгеден астам шығын келтірген": Шымкентте заңсыз майнерлер анықталды (видео)

Жарияланған күні:

Маска ұстап тұрған ер адам мен ноутбуктер
Маска ұстап тұрған ер адам мен ноутбуктер. Көрнекі фото: Freepik

Шымкентте заңсыз майнерлікпен айналысқан бір топ адам анықталды. Мемлекетке 100 млн теңгеден астам шығын келтірілді, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі Telegram-дағы ресми арнасында.

Ведомство ақпараты бойынша, бір топ адам 2023 жылғы сәуір мен 2024 жылғы ақпан аралығында жалпы сомасы 100 млн теңгеден астам аса ірі мөлшерде кіріс ала отырып, криптовалюта өндіру бойынша астыртын майнинг фермасын ұйымдастырған.

Тергеу барысында 1000-нан астам ASIC-терден (биткоин өндіру жабдығы) тұратын криптовалюта өндіруге арналған майнинг фермасы, ноутбуктер, бейнетіркегіштер, флэш-тасымалдағыштар, ұялы телефондар және құжаттамалар табылып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалды.

"Бұл саладағы заңсыз қызмет елдің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп, белгілі бір тәуекелдердің туындауына әкеп соғады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ агенттік өкілі Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам заңды күшіне енген сот үкімімен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп танылмайынша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп саналатынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2106336-100-mln-tenggeden-astam-shygyn-keltirgen-shymkentte-zangsyz-mainerler-anyqtaldy-video/