Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екінші Салтанат боласың!": ақтөбелік жас медбике бір жігіттің өзін аңдып жүргенін айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Бетін басып отырғаны қыз
Бетін басып отырғаны қыз. Көрнекі фото: Anciens Huang / Getty Images

Ақтөбелік медбикенің айтуынша, оны бір ай бойы ер адам аңдыған. Ер адам қыздың жұмысында төбелес шығарып, оған екінші Салтанат болатынын айтқан, деп хабарлайды "Диапазон" баслымы.

Басылым мәліметінше, оқиға 22 мамырда таңертең Болашақ ауданындағы отбасылық медицина орталығында болған. Не болғанын 22 жастағы Амангүл айтып берді.

"Кабинетте үш адам жұмыс істейміз. Таңғы сағат 10-дар шамасында қолында жұпаргұл ұстаған жігіт келді. Пациент деп ойладық. Бірақ ол мені бір ай бойы аңдып жүрген жігіт болып шықты. Ол мені сәуір бірінші рет футбол ойынында көрген. Маған Instagram-да жазып, қоңырау шалды", - дейді қыз.

Қыз учаскелік медбике болып жұмыс істейді. Қыздың телефон нөмірін тауып, хабарласқан.

"Бұл жігіт маған әртүрлі нөмірлерден қоңырау шалды. Кездесуді талап етті. Мен одан қорқа бастадым. Ал жақында үйімнің жанында тұрғанын, шығуым керектігін айтты. Егер шықсам, маған ақша төлеймін дейді. Қоңырау шалмауын сұрадым, жігітім бар екенін айтты", - деді Амангүл.

Телефон соға берген соң, полицияға хабарласқанын да айтты.

"Ал 22 мамырда бұл адам менің жұмысыма жұпаргүлмен келіп, дос болған жігіттің түрмеде отырғанын, ол зорлаушы екенін, маған Бишімбаевтай қарайтынын, маған екінші Салтанат боласың деп айғайлай бастады", – деді қыз.

Амнгүлдің қасында болған әріптесі осы кезде көмек сұрағанын, оны ұстап кетуге әрекет жасағанын айтты.

"Ол бізді итеріп, есікті тепті. Есіктің тұтқасын жұлып алып, қашып кетті. Сынған есікті жөндетуге тура келді", - дейді төбелес кезінде Амангүлдің қасында болған Айжанат.

Амангүлдің сөзінше, жігіт өзін волонтермін деп таныстырған.

Медбикенің айтуынша, патруль келіп, арыз жазған. Медбикелер үйіне жалғыз қайтуға қорқатынын жеткізді.

"Жақында біздің қалада бір жас дәрігерді өлтіріп кетті. Бұл – біздің емханада болған оқиға, әрине, алаңдатады. Кейін бір адам келіп, төбелес шығарған", - деді медицина орталығының бас дәрігерінің орынбасары Ботагөз Елдесова.

Отбасылық медицина орталығының бас дәрігері Самат Даньяровтың сөзінше, жақында қаза тапқан осы орталықтың жас дәрігерінің өліміне әріптестері әлі де алаңдаулы.

"Енді мынадай жағдай. Қазір бұл жағдайды қалалық ішкі істер департаментінің қызметкерлері, прокурорлар бақылауға алуы керек", – бас дәрігер Самат Даньяров..

Полиция департаменті бұзақының жеке басы анықталғанын хабарлады. Оның психиатриялық есепте тұрғаны белгілі болды. Психиатриялық топ оны алып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2106366-ekinshi-saltanat-bolasyng-aqtobelik-zhas-medbike-bir-zhigitting-angdyp-zhurgenin-politsiiaga-habarlady/