Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір сыныпта оқиды": Түркістан облысында үш егіз бір уақытта мектеп бітіріп жатыр (фото)

Жарияланған күні:

Мектеп бітіріп жатқан түлектер
Соңғы қоңырау. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Түркістан облысында бір сыныпта үш егіз биыл мектеп бітіріп жатыр. Әкімдік дерегінше, олар бір сыныпта білім алып отыр, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Facebook-тегі парақшасында.

Әкімдік ақпараты бойынша, Түркістан облысы, Келес ауданындағы Ө.Жәнібеков атындағы №2 мектеп-гимназиясынан биыл 100 түлек мектеп бітіріп жатыр. Оның ішінде Ақылбек, Асылбек, Батпа, Зәуре, Аяужан және Аружан есімді үш егіз оқушы бір сыныпта білім алған.

Егіз оқушылар
Егіз оқушылар. Фото: facebook.com/ontustik.gov.kz

"Данабай Ақылбек "Алтын белгіге", Данабай Асылбек "Үздік аттестаттқа" үміткер.

"Жігіттердің анасы Жанар Арынова мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Ал көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатқан Батпа тігін цехын ашқысы келсе, Зәуре сұлулық салонында жұмыс істеуді мақсат еткен. Аружан мен Аяужан болса бірдей заң саласында қызмет ету үшін "Тарих", "Құқық" сияқты пәндерді таңдауда", - деді сынып жетекшісі Ләззат Анарқұлқызы.

Егіз оқушылар
Егіз оқушылар. Фото: facebook.com/ontustik.gov.kz

Сондай-ақ әкімдік баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, мектепте "Соңғы қоңырау" іс-шарасы 25 мамырда өтеді.

Егіз оқушылар
Егіз оқушылар. Фото: facebook.com/ontustik.gov.kz

"Биыл ауданнан 2000-нан астам түлек үлкен өмір жолына қадам басқалы отыр, оның ішінде 89 оқушы "Алтын белгі" төсбелгісіне және 144 оқушы "Үздік аттестатқа" үміткер", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2106369-bir-synypta-oqidy-turkistan-oblysynda-ush-egiz-bir-uaqytta-mektep-bitirip-zhatyr-foto/