Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматының үш ауданында су беру тоқтауы мүмкін

Жарияланған күні:

Су құбыры
Су құбыры. Көрнекі фото: ljubaphoto/Getty Images

Алматыда сумен жабдықтау желілеріндегі жоспарлы профилактикалық жұмыстарға байланысты үш ауданда су өшірілмек. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Алматы судың" Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

29 мамыр күні сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін су құбыры желілерінде технологиялық жабдықтарды ауыстыру бойынша жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Осыған байланысты келесі мекенжайлар бойынша суық су беру уақытша шектеледі:

  • Бостандық ауданы – Абай даңғылы-Манас-Тимирязев-Жандосов-Үлкен Алматы өзені- Тимирязев-Жароков-Өтепов-Гагарин даңғылы, "Атакент" көрме кешенінің аумағы;
  • Алмалы ауданы – Абай даңғылы-Әуезов-Жамбыл-Манас көшелеріндегі алаңдарда; Абай-Әуезов-Төле би-Розыбакиев; Абай-Розыбакиев-Құлымбетов-Тұрғыт Озал шаршы көшелерінде;
  • Әуезов ауданы – Абай даңғылы-Щепетков-Үлкен Алматы өзені-Сәтбаев-Өтеген батыр 112а, 114 тұрғын үйлер.

Алматы су баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, бекіту жабдықтары мен өзге де технологиялық жабдықтарды ауыстыру жұмыстары уақытылы орындалса, аталған аумақтардағы тұтынушыларды сапалы және тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ профилактикалық жұмыстар кезінде су әлеуметтік нысандарға автоцистерналармен жеткізіледі.

"Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2106396-almatynyng-ush-audanynda-su-beru-toqtauy-mumkin/