Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады

Жарияланған күні:

Жаңбырлы күн
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Синоптиктер Қазақстанда 25-27 мамыр аралығында ауа райы суық болатынын айтты. Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, 25-27 мамырда Қазақстан бойынша солтүстік циклонның әсерінен қар аралас жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнап, жел күшеюі мүмкін.

25-27 мамырда елдің солтүстігінде қар аралас жаңбыр болса, 25-26 мамырда Қазақстанның орталығында, оңтүстік-шығысында, 26 мамырда шығыс, солтүстік-батыс аймақтарында қатты жаңбыр күтіледі.

Сондай-ақ Скандинавия аудандарынан шыққан ірі антициклон әсерінен Батыс Қазақстанда ауа райы ашық болмақ.

25 мамырда батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, 26 мамырда орталықта, 27 мамырда шығыста, оңтүстік-шығыста, 26-27 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарында жақындап келе жатқан суық ауа массаларының әсерінен түнгі және таңертеңгі сағаттарда 3 градусқа дейін суық болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2106462-qazaqstanda-demalys-kunderi-aua-raiy-qandai-bolady/