Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тарифтер көтерілетіні туралы ақпарат жариялаған "Қазақтелекомға" ескерту жасалды

Жарияланған күні:

"Қазақтелеком" логотибі
"Қазақтелеком" логотибі. Көрнекі сурет: gov.kz

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі тарифтер көтерілетінін хабарлаған "Қазақтелекомға" алдын ала ескерту жолдады. Бұл жөнінде ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

БҚДА таратқан мәлімет бойынша, "Қазақтелеком" АҚ 2024 жылғы 20 мамырда интернет-ресурсында 2024 жылғы 1 шілдеден бастап тарифтер көтерілетіні туралы ақпарат жариялаған.

"Атап айтқанда, үй интернеті қызметтерін, сондай-ақ ұялы байланысы бар пакеттік қызметтерді қамтитын тіркелген байланыс бойынша 51 мұрағаттық тарифтік жоспарға өзгерістер енгізілетіні туралы хабарланды.

Байланыс туралы заңнамаға сәйкес, байланыс қызметтеріне тарифтерді байланыс операторлары тек негізделген шығындар негізінде белгілейді", - делінген ведомство хабарламасында.

Осыған байланысты БҚДА өкілдері Кәсіпкерлік кодекстің 198-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзудың алдын алу мақсатында 2024 жылғы 24 мамырда "Қазақтелеком" АҚ-ға қатысты заңнаманы бұзуға әкеп соғуы мүмкін іс-әрекеттер жасауға жол бермеу туралы алдын ала ескерту жолдағанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2106531-tarifter-koteriletini-turaly-aqparat-zhariialagan-qazaqtelekomga-eskertu-zhasaldy/