Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда екі көшедегі жол бөліктері бір тәулікке жабылады

Жарияланған күні:

Жол жөндеу белгісі
Жол жөндеу белгісі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда сенбі, 25 мамырда Батыс Желтоқсан және Шевченко көшелерінің кей учаскесі уақытша жабылады. Бұл туралы қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Алматыда 25 мамырда таңғы сағат 06:00-ден 26 мамыр таңғы сағат 06:00-ге дейін жолдардың екі учаскесінде көлік қозғалысы жабылады.

Атап айтқанда, Тимирязев көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейінгі Батыс Желтоқсан көшесі, мұнда жылу желілерін реконструкциялаудан кейін жол жабынын қалпына келтіру жоспарланып отыр.

"Сондай-ақ Шевченко көшесінің Достық даңғылынан Қонаев көшесіне дейінгі учаскесінде Ұлттық Ғылым академиясының ғимаратын реконструкциялау аясында жол төсеміне жөндеу жүргізіледі", - делінген ведомство хабарламасында.

Әкімдік өкілдері қала тұрғындарынан мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және жол жүру бағытын алдын ала анықтап алуды сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2106573-almatyda-eki-koshedegi-zhol-bolikteri-bir-taulikke-zhabylady/