Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Анасының рұқсатынсыз Түркияға алып кеткен": үш жасар бала Қазақстанға қайтарылды

Жарияланған күні:

Кішкентай бала
Кішкентай бала. Көрнекі сурет: pixabay.com

ІІМ Анталиядағы түрік әріптестерімен бірге 3 жасар баланы тауып, отанына қайтарды. Оны анасының рұқсатынсыз Түркияға алып кеткені белгілі болды, деп хабарлайды Polisia.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ІІМ Telegram-арнасында хабарлағандай, бала Интерполдың көмегімен табылды.

"Қазақстан Республикасы ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының түркиялық әріптестерімен және Қазақстанның Анталиядағы консулдығымен өзара іс-қимылы барысында 3 жасар сәби табылып, туған еліне қайтарылды.

Анасының рұқсатынсыз оны бұрынғы күйеуі Өзбекстан арқылы Түркияға алып кеткендіктен, әйел полицияға хабарласқан", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ведомствоның мәліметінше, бала мен анасы Қазақстанда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2106591-anasynyng-ruqsatynsyz-turkiiaga-alyp-ketken-ush-zhasar-bala-qazaqstanga-qaitaryldy/