Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана полициясы Талдыкөлге ағын су төккендерді іздеп жатыр

Жарияланған күні:

көл
Көл. Көрнекі фото: instagram.com/aqmola_tjd

Бүгін, 24 мамырда ОКҚ брифингінде экологиялық бақылау және реттеу комитеті басшысының орынбасары Талдыкөл көліне ағын сулар ағызылатын құбыр табылғанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Комитет басшысының орынбасары Айдар Әбдуәлиев Астанадағы Талдыкөл көлінен бірнеше рет су сынамасы алғанын айтты – әр жолы шамадан тыс ластаушы заттар анықталған.

Спикердің айтуынша, Астана әкімдігі мен Экология департаменті "Астана Су Арнасы" компаниясы 2023 жылдан бастап көлге ағын суларды төгуді тоқтатқанын хабарлаған.

Ластану көзі жақында су айдынын тексеру барысында табылған.

"Кейінгі сапар барысында Талдыкөл көліне ағын сулар төгілген пластикалық құбыр төселгені анықталды. Қазіргі уақытта экология департаменті Астана Полиция департаментіне осы жағдайды анықтау және осы құбырдың иесі кім екені туралы хат жолдады.

Бүгінгі таңда министрлік бұл мәселені бақылауда ұстап отыр. Астана әкімдігінен ақпарат алғаннан кейін, меншігінде ұстаушы анықталған бойда бірден тексеруге шығамыз", - деді Әбдуалиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2106615-astana-politsiiasy-taldykolge-agyn-su-tokkenderdi-izdep-zhatyr/