Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар Әлихан Смайыловтың атынан фейк хабарлама алған

Жарияланған күні:

Әлихан Смайылов
Әлихан Смайылов. Фото: ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы

Қазақстандықтар Жоғары аудиторлық палата басшысы Әлихан Смайыловтың атынан фейк хабарлама ала бастаған. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Интернет-алаяқтардың WhatsApp мессенджерінде Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловтың атынан жалған нөмірлерден хабарламалар таратып жатқанын хабарлаймыз.

Сіздерді жалған ақпартқа сенбеуге және күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырамыз", - делінген хаюарда.

Айта кетейік, бұған дейін белгісіз біреулер қазақстандықтарға қоңырау шалып, хат жаза бастағаны туралы хабарланған еді. Азаматтардан мұндай хабарламаларға жауап бермеу сұралды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2106663-qazaqstandyqtar-alihan-smaiylovtyng-atynan-feik-habarlama-algan/