Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде жаңа босанған әйел перзентханада алаяқтық жасады деп айыпталды

Жарияланған күні:

Ноутбук ұстаған жүкті әйел
Ноутбук ұстаған жүкті әйел. Көрнекі сурет: J.A. Bracchi / Getty Images

34 жастағы ақтөбелік әйел алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Ол жүкті кезінде ауруханада жанында жатқан әйелдерді алдаған, деп хабарлайды Polisia.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ақтөбе қаласының полиция басқармасына екі әйел алаяқтық туралы арызданған.

"Жәбірленушілердің айтуынша, жыл басында олар перинаталдық орталықта болған кезде онда босанған әйелдердің бірі 5 млн теңге көлемінде кепілсіз несие ресімдеуге көмек ұсынған.

“Қызметі” үшін ол 90 мың теңге көлемінде ақша сұраған. Екі босанған әйел оған қажетті соманы картасына аударған. Алайда уәде етілген несиені де, өз ақшасын да ала алмаған жәбірленушілер полицияға арызданды", - делінген ведомство хабарламасында.

Полиция қызметкерлеріне күдіктінің жеке басын анықтау қиынға соққан жоқ, ол облыс орталығының 34 жастағы тұрғыны болып шықты. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2106747-aqtobede-zhanga-bosangan-aiel-perzenthanada-alaiaqtyq-zhasady-dep-aiyptaldy/