Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Он алты әкімшілік хаттама: желідегі видеодан кейін кортежге мінген жасөспірімдер жазаланды

Жарияланған күні:

Құжат толтырып отырған полицей
Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Полиция қызметкерлері Алматы облысында жол ережесін өрескел бұзған кортежге мінген жасөспірімдерді ұстады және барлық автокөліктер арнайы тұраққа тоғытылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

"Қарсы бағытқа шығу, жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды тасымалдау және қауiпсiздiк белдіктерiн пайдалану талаптарын сақтамағаны, маневр жасау қағидаларын бұзғаны және авариялық жағдай жасағаны үшін хаттамалар толтырылды", - делінген хабарламада.

Көлік құралдарында жолаушыларды қауіпсіз тасымалдау жөніндегі талаптарды бұзған кәмелетке толмаған жолаушылардың ата-аналарына олардың балаларын күтіп-бағу, тәрбиелеу, оқыту, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік шаралар қабылданды.

Бұған дейін ІІМ кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен туыстарына оқу жылы кезінде және одан кейін заңнаманы қатаң сақтау, сондай-ақ, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі туралы үндеу жасаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2106870-on-alty-akimshilik-hattama-zhelidegi-videodan-keiin-kortezhge-mingen-zhasospirimder-zhazalandy/