Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сот Салтанат Нүкеноваға тіл тигізген блогерге қатысты шешім шығарды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Салтанат Нүкенова
Салтанат Нүкенова. Фото: Instagram/aitym

Салтанат Нүкеноваға қатысты қорлайтын пікір жазған блогер Антон Бударовты сот сөзін жоққа шығаруға міндеттеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бұл туралы Нүкеновтер отбасының адвокаты Дамир Ишмаметов Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

"Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іспен қатар, Салтанатты қаралағысы келген көптеген хейтер де пайда болды. Осындай хейтердің бірі – блогер Бударов Антон", - деп жазды адвокат.

Ишмаметовтың айтуынша, қорлайтын жазба Instagram желісінде 2023 жылдың желтоқсанында жарияланған. Блогер Салтанатты жәбірленуші деп есептемейтінін айтып, оны "алаяқ" және "абьюзер" деп те атаған.

Жәбірленушілер тарапы сотқа арыз түсірген.

2024 жылғы 20 мамырда Алматы қаласы Бостандық аудандық соты Нүкенова Салтанат Амангелдіқызының ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін контентті шындыққа жанаспайды деп тану туралы шешім шығарды.

Антон Бударовқа Instagram-дағы budarov_anton аккаунтында өзі айтқан ақпарттың шындыққа жанаспайтынын жария етіп, бұл мәліметті жоққа шығаруды міндеттеді.

Сонымен қатар жауапкерден Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдінің пайдасына 650 мың теңге сот шығындары өндірілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2107035-sot-saltanat-nukenovaga-til-tigizgen-blogerge-qatysty-sheshim-shygardy/