Астанада кісі өлтіруге оқталды деген күдікпен жасөспірім ұсталды
Жарияланған күні:
Читать на русскомЖеліде Астанада НЗМ оқушысын өлтірмек болғаны туралы ақпарат пайда болды. Полицейлер бұл іске күдікті ретінде кәмелетке толмаған баланың ұсталғанын хабарлады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысына шабуыл жасалғаны туралы ақпарат БАҚ-та тарап кетті. Қыздың пышақталғаны, қазір ауруханада жатқаны хабарланды.
NUR.KZ тілшісі елорданың полиция департаменті баспасөз қызметіне хабарласып, пікір білдіруді сұрады.
Тәртіп сақшылары Есіл аудандық ішкі істер бөлімі 18 жастағы қызды өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын растады.
"Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық қажетті сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарда.
Тәртіп сақшылары басқа мәліметтер жариялауға жатпайтынын атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2107059-astanada-kisi-oltiruge-oqtaldy-degen-kudikpen-zhasospirim-ustaldy/