Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қыздар жігітті ұрып-соғып, оны видеоға түсіріп алған

Жарияланған күні:

Жерде жатқан жігіт
Жерде жатқан жігіт. Видеодан кадр: t.me/buzyqmedia

Желіде Алматыда екі қыздың жігітті ұрып-соғып жатқаны түсірілген видео тарады. Полиция департаменті бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видео Telegram-дағы Buzyq арнасында пайда болды. Видеода екі қыздың қара спорттық костюм киген жігітті жұдырықтап, теуіп жатқанын көруге болады. Кадрларға қарағанда, олар жігіттің басынан және ішінен ұрған.

Қыздардың бірі иығына 2024 жыл деп жазылған лента тағып алған. Жазба авторының айтуынша, видео Алматыда түсірілген.

NUR.KZ тілшісі пікір алу үшін мегаполис полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласты. Бұған жауап ретінде тәртіп сақшылары бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

"Кәмелетке толмаған күдіктілер полицияға жеткізілді. Қазір олардың ата-аналарының қатысуымен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Істің басқа мән-жайы анықталып жатыр", - делінген хабарда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2107104-almatyda-qyzdar-zhigitti-uryp-sogyp-ony-videoga-tusirip-algan/