Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы тауларында 11 жасөспірім жоғалып кеткен, біреуі жарақат алған

Жарияланған күні:

Құтқарушылар жасөспірімдерді таудан түсіріп келе жатыр
Құтқарушылар мен жасөспірімдер. Фото: ҚР ТЖМ

Алматы облысында 11 жасөспірім тауға шығып, адасып қалды – олар күн райының бұзылғанына қарамастан тауға кеткен. Бір бала жарақат алды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство ақпаратынша, 26 мамырда таңертең жастар ауа райының қолайсыздығына қарамастан тауға шыққан – қар аралас жаңбыр жауып тұрған.

Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері кинологиялық қызметпен бірлесіп тауға шығып, әуелі топтың бес мүшесін тапты.

"Құлаған тастан жарақат алған жасөспірімге дәрігерге дейінгі көмек көрсеткеннен кейін құтқарушылар туристерді төмен түсіріп, әрі қарай тексеру үшін медицина және апаттар орталығының мамандарына тапсырды", - делінген ведомство хабарламасында.

Біраз уақыттан кейін құтқарушылар қалған жасөспірімдерді тапқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2107191-almaty-taularynda-11-zhasospirim-zhogalyp-ketken-bireui-zharaqat-algan/