Ақмола облысында тұз қышқылы төгілді
Жарияланған күні:
Ақмола облысында тұз қышқылы төгілді – оқиға Аршалы ауданындағы Сарыоба станциясында болған. Қазір адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлайды 24.kz.
Телеарна мәліметінше, Сарыоба станциясында зиянды зат жүк цистерналардың біріндегі жарықтан аққан.
Оқиға орнында облыстық және аудандық штаб құрылды.
Қауіпті жүгі бар цистерна негізгі құрамнан ажыратылып, 3 адам эвакуацияланды.
Ақмола облысы және Астана қаласы төтенше жағдай департаментінің құтқарушылары зиянды заттың ағуын тоқтатты. Қазіргі уақытта адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2107203-aqmola-oblysynda-tuz-qyshqyly-togildi/