Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"ПД бастығының орынбасары рұқсат берген": Алматыда кәмелет жасына толмаған көлік жүргізуші ұсталды

Жарияланған күні:

Патрульдік полиция
Патрульдік полиция. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Желіде кәмелетке толмаған алматылық бозбаланың көлік жүргізіп келе жатып ұсталған сәтінің видеосы тарады. Ұсталған сәтінде ол көлік жүргізуге полиция бастығының орынбасары рұқсат бергенін айтқан. Бұл жөнінде қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Кәмелет жасына толмаған жүргізушінің видеосы Telegram-дағы EGOV.PRESS арнасында жарияланды.

Видеодан полиция қызметкерінің кәмелеттің жасқа толмаған жүргізушіге сұрақ қойып тұрғанын көруге болады. Ол "жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізуге рұқсатты Алматы қаласы жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары Ержан Ұзабаев бергенін" айтады.

"Кәмелетке толмаған бозбала көлікпен емін-еркін жүрген, оған Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Ержан Ұзабаев рұқсат бергенін айтады", - делінген видеоның сипаттамасында.

Алматы қаласы полиция депратаменті баспасөз қызметі бұл факт бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Бұған қоса көлік жүргізу куәгілі және міндетті сақтандыру полисі болмағандықтан жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2107350-almaty-pd-bastygynyng-orynbasary-ruqsat-bergen-almatyda-kamelet-zhasyna-tolmagan-kolik-zhurgizushi-ustaldy/