Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семей қаласының әкімі үйдің шатырына шықты (видео)

Жарияланған күні:

Нұрбол Нұрсағатов
Нұрбол Нұрсағатов. Видеодан кадр: t.me/semeyakimdigi

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Глинка көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің шатырына шықты – бұл үйдің шатыры жұлынып кеткен. Қалалық әкімдік оқиға орнынан видео жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Семей қаласы әкімдігінің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәлімет бойынша, 26 мамырда сағат 17:45-те Абай облысы төтенше жағдайлар департаментінің пультіне Глинка көшесі, 35 мекенжайындағы көппәтерлі тұрғын үйде шатыр жұлынып кеткені жөнінде хабарлама келіп түскен.

"1984 жылы салынған бес қабатты тұрғын үйде 70 шаршы метрлік шатыр жартылай жұлынып кетті. Шатырдың жалпы ауданы – 160 шаршы метр.

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов әкімдік бөлімдерінің басшыларымен және ТЖБ басшысының орынбасары Қымбат Көпбаевпен көшпелі кеңес өткізді", - делінген ведомство хабарламасында.

Жарияланған видеодан әкімнің төбеге шығып, шатырды тексеріп жатқанын көруге болады.

Әкімдік өкілдері көшпелі кеңестің қорытындысы бойынша Нұрбол Нұрсағатов адам өміріне қауіп төндіретін шатыр бөлшектерін демонтаждау және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді тапсырғанын хабарлады.

Қала басшысы тұрғын үй инспекциясы және құрылыс бөлімінің басшыларына барлық жұмыс аяқталғанға дейін үйді қатаң бақылауда ұстауды тапсырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2107401-semei-qalasynyng-akimi-uiding-shatyryna-shyqty-video/