Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бәзбіреулер Қонаев әкімінің атынан WhatsApp-та хабарлама жібере бастаған

Жарияланған күні:

Асхат Бердіханов
Асхат Бердіханов. Фото: instagram.com/berdikhanov_askhat

Алаяқтар Қонаев қаласы әкімі Асхат Бердіхановтың атынан жалған хабарлама жібере бастаған. Бұл туралы қала әкімдігі Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.

Әкімдік мәліметінше, Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіхановтың атынан бәзбіреулер WhatsApp мессенджерінде хабарламалар таратып жатқаны анықталған.

"Мұндай хабарларды интернет-алаяқтар жібереді. Қонаев қаласы тұрғындарынан жалған ақпаратқа сеніп, бейтаныс нөмірге ақша жібермеулерін және жолданған сілтемелерге өтпеуін сұраймыз! Сақ болыңыздар!", - делінген хабарда.

Бұл ретте әкімдік өкілдері шаһар басшысының Instagram-дағы ресми аккаунты – @berdikhanov_askhat жұмыс істеп тұрғанын атап өтті. Барлық жаңалық осы аккаунтта жарияланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2107434-bazbireuler-qonaev-akimining-atynan-whatsapp-ta-habarlama-zhibere-bastagan/