Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан түрмелерінде қанша тұтқын қашуға әрекет жасаған: Ішкі істер министрлігінің жауабы

Жарияланған күні:

Читать на русском
Изолятор
Изолятор. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте елдегі түрмелерден сәтсіз қашу әрекеттері туралы айтылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев Қазақстанның колонияларында 40 мыңға жуық бейнекамералар орнатылғанын айтты. Оның сөзінше, колонияларда бақылау камералардан бөлек, тыйым салынған аумақтарға кірген және объективтер жабылған кезде белгі беретін дабыл функциясы бар.

"Бұл шаралар оң нәтиже берді, бұл жүйе енгізілгеннен бері сотталғандар тарабынан 24 мыңға жуық қамау режимін бұзу дерегі анықталды.

Өз-өзіне қол жұмсау бойынша 43 жағдай пен қашуға әрекет ету бойынша 4 жағдайдың алды алынды. 9 жанжалды жағдайдың тәртіпсіздікке ұласуына жол берілмеді. Осындай бақылау камераларының нәтижесінде тыйым салынған заттарды жеткізіп бермек болған 151 адам ұсталды. Атап айтақнада, 267 телефон, 33 литр алкоголь және 2 келіге жуық есірткі заттарын заңсыз алып өтпек болған", - деді спикер.

Сонымен қатар оның айтуынша, тұтқындар бейнекамераларды сындыруға да әрекет жасаған.

"Жазаны өтеу тәртібін сақтамау салдарынан сотталғандардың бейнекамераларды қасақана зақымдағаны анықталды, олар барлығы 683 бейнебақылау камерасын зақымдап, істен шығарды.

Бұндй әрекеттер мемлекет бюджетіне қомақты материалдық залал келтіреді. Сондықтан Қылмыстық кодекске тиісті түзетулер енгізілді. Жаңа 428-1-бап бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады", - деп ІІМ өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2107566-qazaqstan-turmelerinde-qansha-tutqyn-qashuga-areket-zhasagan-ishki-ister-ministrligining-zhauaby/