Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үндіше "Қара жорға" биі қойылды (видео)

Жарияланған күні:

"Қара жорға" билеген Видьягаури Хемант Адкар
"Қара жорға" билеген Видьягаури Хемант Адкар. Видеодан кадр : 24.kz

Астанадағы үнді мәдениеті орталығында хореограф Видьягаури Хемант Адкар "Қара жорға" биін 1 айда шығарған. Оның сөзінше, биші екі елдің мәдениетін байланыстыруға, ұқсас жерлерін табуға тырысқан. Бұл туралы 24.KZ хабарлады.

Астанада құрылғанына 30 жыл толып отырған Үнді мәдениеті орталығында осындай тың дүние пайда болған. Қазақстандағы Үндістан елшілігі жанынан ашылып, ширек ғасырдан астам уақыт жұмыс істеп тұр.

Свами Вивекананда атындағы үнді мәдениеті орталығының би мұғалімі Видьягаури Хемант Адкар. Қазақтың "Қара жорғасына" үндіше мың бұралып билеп жүр. Әннің әуезі мен ырғағына қызыққан хореограф өз ұлтының классикалық биіне қазақша би қимылдарын қосқан.

"Өнерде экспериментке барған кезде үлкен ізденіс жасау қажет. Мысалы, "Қара жорғаны" зерттегенде жергілікті халық осы биді қалай жақсы көретінін, ән сөзінің мағынасын, қимылдың тарихын сұрастырдым. Биге қатысты көптеген видеолар көрдім. Қазақ бишілерінен біраз дүние үйрендім. Қимыл-әрекетте ұқсас жерлерді табуға тырыстым. Сосын өз мәдениетіммен байланыстырып, 1 айдың ішінде үндіше "Қара жорға" дүниеге келді. Жай ғана үнді биі бір қарағанда қиын болып көрінуі мүмкін. Бірақ сахна иесінің төл мәдениетімен өрнектелсе, көпшіліктің жүрегіне жол табатынына сенімдімін", - дейді би мұғалімі Видьягаури Хемант Адкар

Бұл – Видьягаури репертуарындағы жалғыз қазақ биі емес. Жақында шәкіртімен бірге "Шашу" биіне үндіше интерпретация жасаған. 1934 жылы "Қыз Жібек" операсында алғаш орындалған биді үнді қимылдарымен үйлестірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2107611-undishe-qara-zhorga-bii-qoiyldy-video/