Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында білім басқармасының алты қызметкері сотталды

Жарияланған күні:

Liudmila Chernetska/Getty Images
Сот. Көрнекі сурет: Сот

Алматы облысында лауазымды тұлғалар жалған шарттар жасасу арқылы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін жазаланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық сотқа сілтеме жасап хабарлайды.

2024 жылғы 24 мамырда Алматы облысы Іле аудандық сотында 8 сотталушыға қатысты аса ірі мөлшердегі алаяқтық дерегі (Қылмыстық Кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы) бойынша қылмыстық іс қаралды, олардың алтауы – "Алматы облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғалары.

2022 жылғы желтоқсанда сотталушылар алдын ала сөз байласуымен балабақшаларды тіркеу туралы жалған құжаттар ұсынған және олар кейіннен кағидалардың талаптарына сәйкес деп танып, мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізген.

Кейін 2023 жылғы қаңтарда Іле аудандық білім бөлімі және осы балабақшалар мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасасқан, оның шарттары бойынша олардың қызметін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметтер көрсетуге ай сайынғы төлемдер арқылы мемлекет қаржыландырған.

Осылайша Іле аудандық білім бөліміне 134 млн теңгеден астам сомаға аса ірі мөлшерде залал келтірген.

Сот шешімі бойынша, жаза тағайындау кезінде сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларды, атап айтқанда: шын ниетпен өкінуі, келтірілген залалды ерікті түрде өтеуі, сондай-ақ екі сотталушыда жас балаларының болуы.

Сот үкімімен барлық сегіз сотталушы Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3,4-бөліктері 1),2)-тармақтарында көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оларға: екі сотталушыға – 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі, төрт сотталушыға – 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру және екі сотталушыға – 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қылмыстық кодекстің 74-бабына сәйкес екі сотталушының жазаны орындауы бес жылға дейін, бірақ бала он төрт жасқа толғаннан аспайтын мерзімге кейінге қалды.

 Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2107626-almaty-oblysynda-bilim-basqarmasynyng-alty-qyzmetkeri-sottaldy/