"Болашақ" кепілгерлері заңбұзушылық пен сөз байласу туралы айтып, Тоқаевқа үндеу жасады
Жарияланған күні:
Валерия Гавриленкоға шетелдегі оқуы үшін кепіл болған әріптестері Мақпал Дәрібаева мен Наталья Воробьева оның "Болашақ" орталығының қызметкерлерімен келісіп, кепілге қойған баспананы алып тастағанын айтып, президентке үндеу жасады. Бұл үндеуге қатысты Халықаралық бағдарламалар орталығының өкілдері жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Наталья Воробьева мен Мақпал Дәрібаева Instagram желісінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына видеоүндеу жариялады. ОЛар әріптесі Валерия Гавриленконың 2016 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша шәкіртақы алғанын айтты. Сонымен бірге Воробьева мен Дарибаева кепілгері болған.
Воробьева мен Дәрібаеваның хабарлауынша, Гавриленко Ұлыбританияда магистратураны бітіргеннен кейін 2019 жылы орталық қызметкерлерімен келісімге келіп, заңсыз екі пәтерді кепілден алып, Ұлыбританияға тұруға кеткен.
"Әрине, орталықтың өзі оған "Болашақтың" бірінші басшысы қол қойған, жылжымайтын мүлікті кепілге алуға рұқсат беретін ресми құжат берді.
2021 жылы, яғни екі жылдан кейін ғана "Болашақ" өз құжатын заңсыз деп танып, Гавриленконы шәкіртақысынан айырады. Ал кейіннен оқуға кеткен шығынды өтеуді талап етеді. Бірақ Гавриленконың елде болмағанына және орталық одан қарызды өндіре алмағандықтан, 2024 жылы, яғни тағы үш жылдан кейін "Болашақ" бізге, кепілгерлерге 30 миллион теңгеге жуық қарызы анықталды. Орталық кепілге қойылып, кейін алып тастаған пәтерлерін қайтаруға тырыспайды", - деді Наталья Воробьева
"Болашақ" Халықаралық бағдарламалар орталығы ресми сайтында бұл үндеуге қатысты мәлімдеме жасады.
"Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның 2015 жылғы 14 желтоқсандағы No 34-4.10 шешімі негізінде Гавриленко В.В. Ұлыбританияның Ливерпуль университетінде "Стратегиялық коммуникация" мамандығы бойынша магистратура бағдарламасы бойынша оқу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанды, 2016-2017 оқу жылында академиялық оқу өтті.
Жасалған келісімшарттың талаптарына сәйкес, стипендиат оқуын аяқтағаннан кейін дипломын тапсыру, оқуын аяқтағаннан кейін Қазақстан Республикасына оралу және Қазақстан Республикасы аумағында мамандығы бойынша жұмыс істеу міндеттемелерін алды", - делінген мәлімдемеде.
Гавриленко В. екі жылжымайтын мүлік нысанын кепіл ретінде ұсынған. Алайда, олардың құны оқу құнын толық өтемегендіктен, стипендиат үшін ресми түрде екі "кепілгер" - М.А.Дарибаева, Н.А. Воробьева кепілдік берді, олардың әрқайсымен орталық кепілдік шарттарын жасасты.
"Кепілдік шартының 2.1 және 2.2 тармақтарына сәйкес М.А.Дарибаева мен Н.А. Воробьева оқуды ұйымдастыру шарты бойынша барлық міндеттемелерді толық орындауға бірлесіп жауапкершілікті өз мойындарына алды. Сонымен қатар, кепілдік шартының 2.4 тармағына сәйкес, Стипендиаттың Орталық алдындағы міндеттемелерін орындамауы және/немесе тиісті түрде орындамауы жағдайында, міндеттемелерді орындау туралы талапты қанағаттандырмаған жағдайда, Орталық орындалмаған бөліктегі аталған талапты кепілгерге қоюға құқылы.
Жұмысты жақсарту және стипендиаттардың мониторингін сапалы жүргізу мақсатында, Халықаралық бағдарламалар орталығы "бұзушылықтарды" анықтау үшін бірқатар шаралар жүргізуде. Қызметтік тергеу нәтижесінде 2019 жылдың 13 мамырында Орталықтың бұрынғы президенті Мелдешов Ж., вице-президенті Алпысбай М., заң департаментінің басшысы Шарамбаев А. тарапынан стипендиаттың барлық міндеттемелерін толық орындауына байланысты жылжымайтын мүлік кепілінен босату туралы хабарлама берілгені анықталды. Яғни, Қазақстан аумағында бір жыл еңбек қызметін атқарғаннан кейін", - деді орталық өкілдері.
Орталық мәліметінше, 2024 жылғы сәуір айында Орталық Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігіне Гавриленко В.-нің нақты орналасқан жерін анықтау мақсатында хаттар жолдады. Қазіргі уақытта Орталық "Болашақ" бағдарламасының шетелдерде жүрген, мемлекет алдындағы шарттық міндеттемелерін орындамаған стипендиаттарды "қайтару" бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.
Орталық стипендиядан айырылған тұлғалардан қаражатты қайтару және шетелде заңсыз жүрген, шарттық міндеттемелерін орындаудан жалтарған стипендиаттарды анықтау бойынша ауқымды және жүйелі жұмыстар жүргізуде. "Болашақ" бағдарламасының 13 мың түлегінің ішінде 1 пайыздан аз бөлігі оқуын аяқтай алмаған немесе мемлекет алдындағы еңбек міндеттемелерін орындамағандықтан стипендиядан айырылған. Орталық ай сайын мемлекеттік бюджетке шамамен 200 млн теңге қайтарады. 2023 жылы бюджетке 1,9 млрд теңге қайтарылды, ал 2024 жылдың 27 мамырына дейін 716 млн теңге қайтарылды, 43 адам мемлекет алдындағы қарызын толық өтеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2107713-bolashaq-kepilgerleri-zangbuzushylyq-pen-soz-bailasu-turaly-aityp-toqaevqa-undeu-zhasady/