Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында аударылған автобустың жүргізушісі қамауға алынды (видео)

Жарияланған күні:

Оқиға орны
Оқиға орны. Видеодан кадр: instagram.com/baurzhan__alenov

Бүгін, 27 мамырда Кеген-Жалаңаш-Көлсай автожолының 5-шақырымында туристер мінген автобус аударылып, ондаған адам жарақат алған болатын. Автобус жүргізушісі қамауға алынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық ПД-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.

"27 мамырда Yutong автобусының жүргізушісі Кеген-Жаланаш-Көлсай автожолының 5 шақырымында келе жатып, рульді басқара алмай, автобустың аударылуына жол берді. 25 жолаушы медицина қызметкерлерімен тексеріліп, жетеуіне ауруханаға жатқызусыз көмек көрсетілді.

Жүргізуші куәлігінен айырылған көлік құралын басқарғаны үшін автобус жүргізушісі қамауға алынды", - деді ол.

Сонымен бірге, Әленовтың сөзінше, автокөлікті басқаруды көлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлғаға бергені үшін жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымның иесіне ірі мөлшерде айыппұл салынады. Айта кетейік, 27 мамырда Алматы облысында туристер мінген автобус аударылып, 25 адам ауруханаға жеткізілгенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2107737-almaty-oblysynda-audarylgan-avtobustyng-zhurgizushisi-qamauga-alyndy-video/