Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында тұз қышқылы төгілді: құтқарушылар қауіпсіздік шараларын жүргізіп жатыр

Жарияланған күні:

Читать на русском
ТЖМ қызметкері тұз қышқылы төгілген жерді залалсыздандырып жатыр
ТЖМ қызметкерлері. Фото: ҚР ТЖМ

Ақмола облысында қауіпті сұйықтық қайта аққан соң тұз қышқылы бар апатты цистерна қауіпсіз жерге сүйреп апарылды. Бұл жөнінде Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қауіпті жүгі бар цистерна негізгі құрамнан ажыратылған.

Ведомствоның мәліметінше, 27 мамырда жүк тасымалдаушылар цистернаның ішіндегі сұйықтықты айдау кезінде тұз қышқылы қайта аққан. Оны Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жойды. 

Қазіргі уақытта цистерна ауылдан және жақын маңдағы шаруа қожалығынан қауіпсіз қашықтыққа сүйреп әкетілді. СЭС, жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері газ қышқылы төгілген орында газсыздандыру шараларын жүргізіп жатыр.

Халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.

"Жағдай апат болған жерде жедел штабтың бақылауында", - деп атап өтті Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Асхат Ақылжанов.

Бұған қоса ТЖМ өкілдері тұз қышқылы төгілген жерге бейтараптандырғыш заттар төгіліп, әк себу жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Еске салсақ, Ақмола облысы Аршалы ауданындағы Сарыоба станциясында тұз қышқылы төгілді. Кейін зиянды зат жүк цистерналардың біріндегі жарықтан аққаны мәлім болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2107821-aqmola-oblysynda-tuz-qyshqyly-togildi-qutqarushylar-qauipsizdik-sharalaryn-zhurgizip-zhatyr/