Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТЖМ Өртке қарсы қызметінің төрағасына қатысты тергеу аяқталды

Жарияланған күні:

Қылмыстық іс бойынша құжаттар бумасы
Қылмыстық іс бойынша құжаттар бумасы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ТЖМ Өртке қарсы қызметінің төрағасына, Шымкент қаласы мен Жетісу облысы ТЖД бастықтарына қатысты тергеуді аяқтады. Бұл туралы Антикор Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Антикор ақпаратынша, лауазымды тұлғалар жалпы сомасы 40 млн теңгеден астам бизнес өкілінен жүйелі негізде пара алу бойынша күдікке ілінген.

"Тергеу соты күдікті адамдарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Қылмыстық іс Ақмола гарнизонының әскери сотында мәні бойынша қаралып жатыр", - делінген хабарда.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2107884-tzhm-ortke-qarsy-qyzmetining-toragasyna-qatysty-tergeu-aiaqtaldy/