Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Стамбұлда RAMS Qazaqstan қолдауымен Димаш Құдайбергеннің мерейтойлық концерті өтті

Жарияланған күні:

Димаш Құдайбергеннің
Фото: RAMS Qazaqstan

Стамбұлда Stranger әлемдік турнесі аясында Димаш Құдайбергеннің концерті өтті. Бұл шараға қазақстандық әншінің мыңдаған тыңдарманы жиналды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Концерт басталғанға бірнеше сағат қалғанда көрермен концерт өтетін орынға – Бешікташ ауданындағы "Тюпраш" стадионына жинала бастады. Стадионның сыйымдылығы – шамамен 42 мың орын. Саудагерлер Димаштың аты жазылған жолақтар, оның суреті бейнеленген жейделер, фотосуреттер және басқа да сувенирлер сатқанын байқадық. Қазақстандық тыңдарман бірден көзге түсті – олардың кейбіреуі концертке елінің туын алып келген екен.

Димаш Құдайберген өнерін көпшілік сүйіп тыңдайтын әндермен бастады. Әндер қазақ, ағылшын, түрік және қытай тілдерінде шырқалды. Кеш қонақтарының арасында қазақстандықтар мен жергілікті тұрғындар ғана емес, сонымен қатар Германия, Аргентина, Италия, Ұлыбритания және басқа елдерден келген тыңдарман болды. Италиялық тыңдармандарының бірі Димаштың өнерін көру үшін арнайы Стамбұлға келгенін айтып берді. Қыз Димаштың қай тілде орындағанына қарамастан, барлық әнін бірге орындап шықты.

Ерекше тосынсый ретінде Димашты 30 жасқа толуымен құттықтау болды – сахнаға оның ұстазы Марат Әйтімов және іс-шараның демеушісі әрі ұйымдастырушысы RAMS Qazaqstan құрылыс компаниясының негізін қалаушының қызы шықты. Қалың көрерменен бірге олар дәстүрлі Happy Birthday әнін шырқады.

Димаш Құдайбергеннің
Фото: RAMS Qazaqstan

Сонымен қатар, Димаштың інісі Әбілмансұр Құдайберген музыкалық сый ретінде гитарамен бірнеше композиция орындап берді. Сондай-ақ сахнаға шақырылған басқа да өнерпаздар, Димаштың достары – түрік әншісі Халюк Левент және диджей Бурак Йетер, қазақстандық әншімен дуэт болып бірнеше ән орындады.

Кештің қонақтары қатарында қазақстандық музыканттар Ренат Гайсин мен Олжас Құрманбек болды – Гайсиннің фортепианодағы сүйемелдеуімен Димаш "Қайран Елім" әнін орындады. Концертте қобыз бен домбыра да шырқалды, бұл қазақ өнерінің бай әрі көпқырлы екенін қалың жұртшылық алдында паш етті десек артық айтқанымыз болмас.

Әндер арасындағы үзілістерде ұлттық аңыздар туралы видеолар көрсетілді; Димаш көрермендермен қазақ және ағылшын тілдерінде сөйлесті. Ол Стамбұл стадионында өнер көрсеткеніне қуанышты екенін айтып, бұл концерт өз арманының орындалуы екенін мойындады.

RAMS Qazaqstan
Фото: RAMS Qazaqstan

Үш сағаттан астам уақытқа созылған концерттің қорытындысында Димаш "Дурдараз" әнін заманауи аранжировкада орындап, стадионды дүр сілкіндірді.

Концерт RAMS Qazaqstan компаниясының қолдауымен өтті. Компанияның жобалары Қазақстанның және әлемнің түрлі қалаларында іске асырылып келеді. Мәселен девелопердің портфелінде Алматы, Астана, Мәскеу, Дубай, Таиланд және Германия елінде жүзеге асырылған жобалар бар.

Ең ерекше жобалардың бірі – Стамбұлдың жасыл ауданында орналасқан османдық субұрқақтың жанындағы тоғайға жақын орналасқан Garden Bahçelievler тұрғын үй кешені. Тұрғын үй кешені қазірдің өзінде ішінара салынып біткен және 3-6 бөлмелі пәтерлері бар. Пәтерлердің құны 500-мың доллардан басталады; аумағында бассейн, жаттығу залы, ойын алаңдары және коммерциялық ғимараттар бар, сондай-ақ пәтер иелері қонақтары үшін тегін брондауға болатын қосымша бөлмелер де қарастырылған.

RAMS Qazaqstan
Фото: RAMS Qazaqstan

Айта кету керек, бұл жерде пәтерлерді жергілікті тұрғындар ғана емес, Қазақстанды қоса алғанда, басқа мемлекеттердің азаматтары да сатып алады.

Тағы бір ауқымды жоба – 2025 жылы аяқталатын Стамбұлдың Маслак ауданындағы RAMS Beyond. Бұл нысан мегаполистегі ең биік ғимарат болады, оның биіктігі 171 метрден асады. Сегіз қабаты жер астында орналасады – мұнда автотұрақ және коворкинг аймақтары болады.

Жоба аясында 2-4 бөлмелі резиденциялар мен пентхаустардан басқа, брендтік бутиктері бар сауда орталығы, бассейндер, спорт залдары, спа, өнер галереясы, шатырдағы Мишлен жұлдыздары бар мейрамхана және жоғарғы қабатта тікұшақ қонатын алаң болады. Жобада бірнеше лифт қарастырылған, олардың бірі келушілерді метроға дейін түсіреді. Қаланы шолу көрінісі, құрылыста қолданылатын сапалы материалдар және ерекше дизайн мұндай кешенді кез келген адамның арманына айналдырады.

RAMS Qazaqstan
Фото: RAMS Qazaqstan

Айтпақшы, Қазақстанда RAMS Qazaqstan осындай биіктігі 42-қабат болатын жобаны салуды жоспарлап отыр. Құрылыс жұмыстары қазірдің өзінде басталып кетті, енді екі жыл ішінде аяқталады.

*Серіктес материалы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2107941-stambulda-rams-qazaqstan-qoldauymen-dimash-qudaibergenning-mereitoilyq-kontserti-otti/