Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оқ атып, пышақ қолданған: Ақтөбеде жігіттер төбелесіп, бір адам қаза тапты

Жарияланған күні:

Қолында пышағы бар ер адам
Пышақ ұстаған ер адам. Көрнекі фото: natasaadzic/Getty Images

Ақтөбе қаласында жас жігіттер төбелесіп, пышақ жарақатын алған бір адам жансақтау бөлімінде көз жұмды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық ПД ақпаратынша, оқиға 28 мамырда болған. Жедел медициналық көмек ауруханасына аяғынан оқ және пышақ жарақаттарын алған 18-22 жас аралығындағы бірнеше облыс тұрғыны жеткізілген.

"Жеткізілгендердің бірі алған пышақ жарақаттарынан жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Полиция осы қылмысты жасады деген күдікпен төрт азаматты "ізін суытпай" анықтап, ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарда.

Адам өлтіру және бұзақылық деректері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қылмыстық істі тергеу барысы Ақтөбе облысы полиция департаменті бастығының жеке бақылауында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2107965-oq-atyp-pyshaq-qoldangan-aqtobede-zhigitter-tobelesip-bir-adam-qaza-tapty/