Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да 7 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған бухгалтер сотталды

Жарияланған күні:

Ақша мен кісен
Ақша мен кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Батыс Қазақстан облысында Көктерек ауылдық округі әкімдігінде 7 миллион теңгеден астам бюджет қаражаты жымқырылғаны анықталды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының ресми сайтында хабарлады.

БҚО-да Көктерек ауылдық округінде штаттық кесте мен банк шоттарын салыстыру кезінде әкімдік бухгалтерінің тиісті және нақты төленген жалақысында айырмашылық анықталып, ол 3 жыл бойы өзіне артық сома аударғаны белгілі болды.

Аталған жайт бойынша Казталов ауданының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап, қылмыстық істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолдады.

Тергеу барысында есепші өз кінәсін мойындап, келтірілген шығынды толық өтеген.

"2024 жылы 17 сәуірдегі сот үкімімен кінәлі адам Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігі (Сеніп тапсырылған мүлікті ірі көлемде иемдену және жымқыру) бойынша белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарда.

Судья сотталушының баласы барын ескере отырып, жаза мерзімін 2 жылға, яғни бала 14 жасқа толғанға дейін шегерді.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2107995-bqo-da-7-mln-tenggeden-astam-biudzhet-qarazhatyn-zhymqyrgan-buhgalter-sottaldy/