Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда бензин қоры қанша күнге жетеді: энергетика министрі жауап берді

Жарияланған күні:

Бензин құйып жатқан ер адам
Жанармай құю бекеті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Үкімет отырысында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев баяндама жасап, 2023 жылмен салыстырғанда Қазақстанда жанар-жағармай нарығындағы жағдай жақсаратынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Энергетика министрі келтірген мәлімет бойынша, қазіргі уақытта мұнай өнімдерін өндіру нарығындағы жағдай мынадай:

  • МӨЗ, мұнай базалары мен жол бойындағы дизель отынының жиынтық қоры 612 мың тоннаға (38 күн) дейін ұлғайтылды. Атап айтқанда, Аи-92 маркалы бензиннің 352 мың тоннасы (30 күн) және Аи-95 маркалы бензиннің 86 мың тоннасы (30 күн) бар;
  • орлар ЖЖМ өндірілуіне және өңірлерден өтінімдер берілуіне қарай үздіксіз толықтырылып отырады;
  • мұнайды өңдеу тереңдігі, демек, ҚР-да жеңіл мұнай өнімдерін өндіру 85-тен 87 пайызға дейін ұлғайды;
  • 5 мамырда Шымкент МӨЗ-де жоспарлы күрделі жөндеу аяқталды, зауыт штаттық режимде жұмыс істейді.

"Осылайша, ЖЖМ нарығындағы жағдай 2023 жылмен салыстырғанда жақсарды", - деді министр.

Бұған қоса мұнай өнімдерін өндіруді мына өндіріс орындарын кеңейту есебінен ұлғайту жоспарланған:

  • Ақтау битум зауыты – 1-ден 1,5 млн тоннаға дейін (2025 ж.);
  • Атырау МӨЗ – 5,5-тен 6,7 млн тоннаға дейін (2027 ж.);
  • Павлодар ҰХЗ – 5,5-тен 8 млн тоннаға дейін (2030 ж.);
  • Шымкент МӨЗ – 6-дан 12 млн тоннаға дейін (2030 ж.).

"Бұл жобаларды іске асыру ішкі нарықтың ЖЖМ-ге деген өсіп келе жатқан қажеттілігін 100 пайызға қамтамасыз етуге, сондай-ақ мұнай өнімдерін көрші елдерге экспорттауға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Энергетика министрлігінің басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2108028-qazaqstanda-benzin-qory-qansha-kunge-zhetedi-energetika-ministri-zhauap-berdi/