Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бишімбаевтың адвокаты өзіне қоқан-лоқы жасалып жатқанын айтып, полицияға шағым түсірді

Жарияланған күні:

Ерлан Ғазымжанов
Ерлан Ғазымжанов. Видеодан кадр: YouTube/Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты

ІІМ Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов полицияға белгісіз адамдардың қоқан-лоқы жасауына байланысты арыз түсіргенін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Астана қаласының Сарыарқа аудандық полиция басқармасы адвокаттың арызы негізінде белгісіз тұлғалар тарапынан қатер фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 409-бабының 2-бөлігі сот төрелігін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға байланысты қатер немесе зорлық-зомбылық әрекеттері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын толық және жан-жақты зерттеуді қамтамасыз етуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, оның нәтижесіндее процестік шешім қабылданады", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ бұған дейін Бишімбаевтың өтініші негізінде ҚК 407-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғаны хабарланды. Бұл бапта сот төрелігін жүзеге асыруға және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуге кедергі жасауға қатысты айтылған.

"Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол берілмейтіндігі туралы өзге ақпарат берілмейді", - деп толықтырды ІІМ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2108100-bishimbaevtyng-advokaty-ozine-qoqan-loqy-zhasalyp-zhatqanyn-aityp-politsiiaga-shagym-tusirdi/