Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы полиция бастығының бұрынғы орынбасары ұсталды

Жарияланған күні:

Полицей күдіктінің қолына кісен салуда
Күдікті мен полицей. Көрнекі фото: t.me/POLICE_of_KZ/11296

Бүгін Алматы қалалық ІІД бастығының бұрынғы орынбасары Берік Әбілбеков қаңтар оқиғасы кезіндегі азаптау дерегі бойынша ұсталды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

Бас прокуратураның мәліметінше, 2022 жылғы қаңтарда Алматы облысы Қарасай ауданы Кошмамбет ауылында орналасқан арнайы қабылдау орнында азаматтарды азаптау бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

"Тергеліп жатқан қылмыстық іс шеңберінде, 2024 жылғы 28 мамырда ҚПК-нің 128-бабына сәйкес Алматы қаласы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Б. Абильбеков ұсталды", - делінген хабарда.

Бұл ретте құзырлы орган ҚПК-нің 201-бабы негізінде іс бойынша өзге де толығырақ ақпарат жария етуге жатпайтынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2108133-almaty-politsiia-bastygynyng-buryngy-orynbasary-ustaldy/