Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Утильалымға қарсы петиция қашан қаралады: министр жауап берді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қанат Шарлапаев
Қанат Шарлапаев. Фото: primeminister.kz

Министрлер кабинетінде өткен брифингте өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев утильалымға қарсы петиция қашан қаралатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қанат Шарлапаев заң бойынша алдымен комиссия құрылатынын айтты.

"Комиссия өңірлерді аралап, өңірлік кеңестер өткізеді, кейбір зауыттар мен өндірушілерді аралауы мүмкін. Содан кейін біз комиссия жұмысының қорытындысын шығарамыз, содан соң қоғамдық тыңдаулар өткізіледі.

Бүкіл процесс шамамен 40 күнге созылады, яғни 24 мамырдан 5 шілдеге дейін қол қойылған петиция қорытындысы бойынша ресми қорытынды беруіміз керек.

Баламалы петициялар болса, олар да қарауға қабылданып, мемлекет тарабынан дәл солай қаралады", - деді министр.

Осы ретте Шарлапаев өнеркәсіпті қолдауға арналған жаңа петиция туралы да сөз қозғады.

"Өнеркәсіпті дамытудың қазіргі бағытын өзгертуді талап ететіндер бар. Заң белгілі бір мәселені қараған кезде екі петицияны да ескеруді міндеттейді. Яғни тетіктің өзі тиісті дауыс санын жинаған барлық петицияны белгіленген заңнамалық тәртіпте міндетті түрде қарауды қарастырған", - деп түйіндеді сөзін министр.

Бұған дейін E-Petition.kz ресми порталында жарияланған утильалым ақысына қатысты петицияны қайта қарауға қажетті қол жиналғанын жазған едік.

ҚР ӘРПК-нің 90-4-бабына сәйкес, 50 000 қол жиналған петиция ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қарауына жолданды. ҚР ӘРПК-нің 90-5-бабына сай, келіп түскен өтініш оны тіркеген сәттен бастап 40 жұмыс күніне дейінгі мерзім ішінде қаралуға тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2108139-utilalymga-qarsy-petitsiia-qashan-qaralady-ministr-zhauap-berdi/