Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда ипотекаға бастапқы жарнасыз үй алуға бола ма

Жарияланған күні:

Үйлердің фонындағы тиындар
Үйлердің фонындағы тиындар. Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда қосымша кепілдік бере отырып, бастапқы жарнасыз ипотека алуға болады. Бірақ ел тұрғындарына заңсыз схемалар да ұсынылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ журналистері сұрап білді.

Кейбір азаматтар үшін ипотекаға өтініш беру кезінде бастапқы жарна елеулі кедергіге айналады. Себебі жеткілікті сома бәрінде бірдей бола бермейді. Жеңілдіктегі бағдарламалар бойынша да қазақстандықтардың барлығына тұрғын үй несиесі берілмейді.

Сондықтан бірден қомақты қаржы салуды қажет етпейтін ипотека ел арасында өте танымал болуы мүмкін.

"Крыша" порталының мәліметінше, Қазақстанда "Біз кез келген тұрғын үй үшін бастапқы жарнасыз ипотека рәсімдейміз" деген түрлі ұсынысты жиі кездестіруге болады. Дегенмен мұндай жарнамалар заңсыз жұмыс істейді.

Өйткені ипотеканы осылай рәсімдеу арқылы бағалаушы қосымша ақыға тұрғын үйдің құнын әдейі көтеріп, оған бастапқы жарна салады. Яғни пәтер құны 40 миллион теңге болса, бұл схемада оның бағасы кем дегенде 48 миллион теңгеге дейін көтеріледі.

Мұндай жағдайларда көптеген тәуекелдер бар, мысалы, бағалаушы алаяқ болып шығуы мүмкін немесе банк ипотеканы жай ғана бекітпейді, ал үлкен шығындарды ешкім қайтармайды.

Бұдан бөлек, мұндай ипотека жай ғана тиімсіз: кәдімгі тұрғын үй заемдарымен артық төлем сомасының айырмашылығы ондаған миллионға жетеді. Себебі бастапқы жарнаның болмауына байланысты несиеге қосылатын сома да өсімге жатады.

Дегенмен Қазақстанда шынымен де бастапқы жарнасыз үй сатып алуға мүмкіндік беретін ресми ипотека бар, бірақ оның өзіндік ерекшеліктері бар.

Ойыншық үй
Ойыншық үй. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ипотеканы қандай шарттармен алуға болады

Қазақстандағы жалғыз банк қана ипотеканы бастапқы жарнасыз береді. Оның үстіне ол бастапқы жарнаның орнына басқа жылжымайтын мүлік түріндегі қосымша кепілдікті талап етеді.

Бұл несие толық өтелгенше кепілге де, сатып алынған пәтерге де ауыртпалық салынады деген сөз.

Бұл ретте кепілді жылжымайтын мүліктің өзіндік талаптары бар: оның құны несие сомасының 50 пайызынан төмен болмауы керек. Яғни 50 миллион теңгеге несие берілсе, кепілге қойылған пәтер кем дегенде 25 миллион теңге болуы керек.

Алайда тұрғын үй кепіл ұстаушыға емес, үшінші тұлғаға – оның тұрғын үйін кепілге беруге келісетін және несие бойынша кепілгер болуға дайын туысқанына немесе досына тиесілі болуы мүмкін.

Кейде қазақстандық құрылыс салушылар да ипотеканы бастапқы жарнасыз алу мүмкіндігін ұсынады, бірақ әдетте мұндай жағдайларда да кепіл қажет болады. Мұндай шарттарды несиелеу үшін таңдаған банктен немесе өзіңізге ұнаған құрылыс компаниясынан сұрай аласыз.

Жалпы, қазақстандықтар мұндай ипотеканы алған дұрыс па, әлде бастапқы жарнасы бар әдеттегі бағдарламаларға жүгінген дұрыс па, оны өздері шешуі керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2108169-qazaqstanda-ipotekaga-bastapqy-zharnasyz-ui-aluga-bola-ma/