"Қорқытып, отставкаға кетуді талап етіп жатыр": министр Шарлапаев қоқан-лоқы көрсетілгенін айтты
Жарияланған күні:
Читать на русскомИндустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қанат Шарлапаев министрлер кабинетінде өткен брифингте Қазақстанда утильалымды алып тастау туралы петицияға байланысты өзіне қоқан-лоқы көрсетілгенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Қанат Шарлапаев бұл мәселені қарау тек заң аясында жүргізілуі керегін атап өтті.
"Сіз қазір менің отставкамды талап етіп жатыр деп жатырсыз. Мен TikTok-та бірнеше рет видеолар мен пікірлерді көрдім. Мені қорқытатын адамдар да бар, білесіз. Бірақ айтарым, барлық жұмыс, қоғамдық процесс заң аясында болады", - деп атап өтті ол.
Министр бүгінде бұл петицияға 50 мыңнан астам адам қол қойғанын айтты.
"Ол заң аясында қаралады, кез келген мәселені осы тәртіпте – заң аясында қарау керек", - деп түйіндеді сөзін Шарлапаев.
Қанат Шарлапаев бүгін Қазақстанның утильалымға қарсы петицияны қашан қаралатынын да айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2108172-qorqytyp-otstavkaga-ketudi-talap-etip-zhatyr-ministr-sharlapaev-qoqan-loqy-korsetilgenin-aitty/