Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәтқалиев Бас прокуратураның Энергетика министрлігіне қатысты айыбына жауап берді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Алмасадам Сәтқалиев
Алмасадам Сәтқалиев. Фото: t.me/KZgovernment

Үкіметте өткен брифингте энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Бас прокуратура Энергетика министрлігінің департамент басшысын жауапқа тартқанына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бұған дейін Бас прокуратура Энергетика министрлігі жобалардың бірі бойынша келіссөздер жүргізу үшін комиссия құру жұмыстарын кешіктіргенін хабарлаған болатын.

"Біз 120 мың тонналық метанол өндіру жобасы туралы айтып отырмыз. Бұл жобаның операторы Zhaik Petroleum компаниясы. Бұл жобаны іске асыру шеңберінде қазіргі процедураларды жүзеге асыру керек. Әуелі жобаны және қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін кепіл базасын дайындау қажет.

Индустриялық даму қоры мен Қазақстанның Даму банкі қаржыландыруды ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Онда да шешімін таппаған көптеген мәселе бар.

Аталған мәселелердің бірі – өндірістік режимдерді қолдану бойынша тиісті комиссия құру. Осы орайда объективті түрде Энергетика министрлігі тарапынан (ағаттық болған – ред. ескертпесі), яғни аталған комиссияны құру жұмыстары кешіктірілген. Оған қарамастан бұл комиссияның құрылуы аталған жобаның жүзеге асырылуына әсер еткен жоқ", - деді Сәтқалиев.

Министр ведомствоның оған таққан айыбын мойындап, ол белгіленген мерзімнен кешіктірілу дерегі болғанын айтты – оның сөзінше, бұл қызметкерлердің жүктемесіне байланысты.

"Біз бұл жобаны толық қолдаймыз, бұл шешім жобаны жүзеге асыру мерзіміне әсер еткен жоқ, біз жоба операторымен тікелей жұмыс істеп, барлық қажетті қолдауды көрсетіп жатырмыз", - деп қосты министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2108181-satqaliev-bas-prokuraturanyng-energetika-ministrligine-qatysty-aiybyna-zhauap-berdi/