Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейліктер Қазақстанда үш ЖЭС құрылысын қашан бастайды

Жарияланған күні:

Жылу электр станциясы
Жылу электр станциясы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Министрлер кабинеті кулуарында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Көкшетау, Семей және Өскеменде жылу электр станцияларының құрылысы қашан басталатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Журналистер Энергетика министрлігінің басшысынан Қазақстанда салынатына үш ЖЭО құрылысының басталу мерзімі туралы сұрады. Бұған дейін ресейліктердің бұл станцияларды салуға дайын екені хабарланған болатын. Әңгіме Inter-RAO компаниясы туралы болып отыр.

Алмасадам Сатқалиев Көкшетауда жылу электр орталығының құрылысы 2024 жылғы жазда басталатынын айтты. Оның сөзінше, Семей мен Өскемендегі жылу электр стансаларына қатысты қазіргі уақытта кеңейтілген техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеудің белсенді процесі жүріп жатыр.

"Біз оны жыл соңына дейін бекітеміз деп жоспарлап отырмыз, ал кестеге сәйкес, келесі жылы біз де осы жылу электр станцияларының құрылысын бастаймыз", - деді Сәтқалиев.

Министрдің айтуынша, көмірмен жұмыс істейтін үш станциясында газға көшу мүмкіндігі болады.

Былтыр 9 қарашада премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин Қазақстан мен Ресейдің ХІХ өңіраралық ынтымақтастығы форумында елімізде жылу электр орталығын салу жоспарын жариялағаны бұған дейін хабарланған болатын.

Кейінірек премьер-министрдің инфрақұрылым жөніндегі орынбасары Роман Скляр Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында жылу электр станцияларын салынатынын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2108217-reseilikter-qazaqstanda-ush-zhes-qurylysyn-qashan-bastaidy/