"Көшеде айғайлап, күш көрсеткен": Алматыда жігіт пен қыздың жанжалы видеоға түсіп қалды
Жарияланған күні:
Читать на русскомАлматыда қыз бен жігіт арасындағы жанжал видеоға түсіп қалған. Оқиғаға қатысты полицейлер түсінік берді. Ұрып-соғу дерегі бойынша тергеу басталғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
ZTB басылымының Instagram-дағы желісінде Алматыда куәгерлер түсірген видео пайда болды. Кадрлардан жігіт пен қыздың жанжалын, бейәдеп сөздер айтылғанын байқауға болады.
"Алматыда тапа-тал түсте ер адам сүйіктісімен жанжалдасты. Ашуларған ер адам оған ұрысып, кұш көрсеткен", - делінген видео сипаттамасында.
Полиция департаментіндегілер NUR.KZ тілшісіне ұрып-соғу дерегі бойынша тергеу басталғанын хабарлады.
"Ұрып-соғу дерегі бойынша тергеу басталды. Құқықбұзушы ұсталды, жауапқа тартылады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.
Ескерту! Видеода балағат сөздер бар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2108271-koshede-aigailap-kush-korsetken-almatyda-zhigit-pen-qyzdyng-zhanzhaly-videoga-tusip-qaldy/