Бишімбаевтың адвокатына сотта қаулы шықты: Ғазымжанов оны заңсыз деп тануды сұрайды
Жарияланған күні:
Читать на русскомСалтанат Нүкенованы өлтіру ісі бойынша Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов сот отырысында судья Айжан Құлбаеваның бұған дейін шығарған сот қаулысына апелляциялық шағым түсірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Сот барысында Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов судьяға қарсы шыққан болатын. Оның айтуынша, оған себеп судьяның сотқа шақырылмаған куәгерлердің айғақтарын оқуға рұқсат беруі. Алайда Ғазымжановқа осылай жасауға рұқсат берілмеген болатын.
Сондай-ақ ол судьямен жанжалдасып, оған қарылық болып жатқанын айтқан еді.
Судья сот процесінде Ғазымжановқа бірнеше рет ескерту айтып, нәтижесінде сотты құрметтемеу туралы жеке қаулы шығарған. 3 мамырда ол бұл шешімге апелляциялық шағым түсіріп, бүгін Астана қалалық сотында істі қарау басталды.
Ғазымжановтың қорғаушылары Қуандық Бишімбаевтың адвокаты болған Назкен Құсайынова мен Ләйлә Рамазанова.
28 мамырда Ғазымжанов өзіне қоқан-лоқы көрсетіліп жатқанын айтып, полицияға хабарласқаны белгілі болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2108328-bishimbaevtyng-advokatyna-sotta-qauly-shyqty-gazymzhanov-ony-zangsyz-dep-tanudy-suraidy/