Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада 400-ден астам адам бір пәтерге тіркелген

Жарияланған күні:

Үйдің кілті
Есікте тұрған үйдің кілті. Көрнекі сурет: pixabay.com

Астанада полицейлер 400-ден астам адам тіркелген пәтерді анықтады. Азаматтарды тіркеген пәтерлердің иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Осы жылдың басынан жүргізілген тексерулер нәтижесінде 35 мекенжай анықталды. Онда нақты тұрғылықты жері жоқ көптеген азаматтар тіркелгені белгілі болған. Олармен бірге тұрмайтын жеке тұлғаларды есепке қойғаны үшін тұрғын үй иелері ӘҚБтК-нің 493-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Көші-қон қызметінің қызметкерлерімен барлығы 40-қа жуық хаттамалар жасалып, оның ішінде 6 заң бұзушыға қайтадан жауапкершілік қарастырылды.

Онда іс жүзінде тұрмайтын азаматтарды тіркеген пәтерлердің иелері ӘҚБтК-нің 493-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көші-қон қызметінің қызметкерлері 40-қа жуық хаттама жасап, оның ішінде 6 тәртіп бұзушыны қайтадан жауапкершілікке тартқан.

Мысалы полицейлер 400-ден астам адам тіркелген пәтерді және 230-дан астам Қазақстан Республикасының азаматы тіркелген тағы бір пәтерді анықтаған.

Тұрғын үй иелерінің өтініші бойынша осы мекенжайларда тұрмайтын, бірақ тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтары есептен шығарылды.

ІІМ мәліметінше, бүгінгі таңд заңнамада бір мекенжай бойынша тіркелген азаматтардың санына шектеулер қарастырылмаған. Дегенмен тіркелген азаматтар тіркелген жерінде нақты тұруға міндетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2108340-astanada-400-den-astam-adam-bir-paterge-tirkelgen/