Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысы әкімдігі көшіру жобасы бойынша 600 млн теңге ұрланғаны туралы ақпаратқа жауап берді

Жарияланған күні:

Ауыл көрінісі
Ауыл көрінісі. Фотосурет: NUR.KZ

Жақында бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде Павлодар облысында азаматтарды жұмыс күші артық оңтүстік өңірлерден жұмыс күші тапшы республиканың халық саны аз қоныстанған солтүстік елді мекендеріне көшіру жобасын іске асыру аясында бөлінген бюджет қаражатын жымқыру деректері анықталғаны туралы ақпарат таралды. Павлодар әкімдігі өкілдері бұған қатысты жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ әкімдікке сілтеме жасап.

Әкімдік осы мәселеге қатысты мәлімдеме жасады.

"Аталмыш жоба аясында Павлодар облысына 20 мыңға жуық қоныс аударушылар мен қандастар көшіп келді. Олардың 48 пайызы – әртүрлі біліктілігі бар еңбекке қабілетті жастағы адамдар. Келгендердің жартысы – мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалар.

Балалардың келуі ауыл мектептеріндегі оқушылар санының көбеюіне оң әсерін тигізді, кейбір жағдайларда мектептердің жабылуының алдын алып қалды", - делінген хабарламада.

Мәселен Аққулы ауданының Майқарағай ауылының мектебінде 26 бала оқыды, соңғы екі жыл ішінде мұндағы оқушылардың саны 69-ға дейін өсті. Шарбақты ауданының Шегірен ауылында оқушылар саны 70-тен 140-қа дейін өскен.

Қоныс аудару жобасын іске асыру Ақтоғай ауданының Барлыбай ауылында, Тереңкөл ауданының Жаңақұрылыс ауылында, Успен ауданының Ольгино, Белоусовка, Қаратай, Константиновка ауылдарында оқушылар санының өсуіне әсер етті.

2017 жылдан 2023 жылға дейін жоба қоныс аударушыларға тұрғын үйді жалға алу шығындарын өтеуді көздеді. Төлем мөлшері 15-тен 30 АЕК-ке дейін болды.

2023 жылдан бастап тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін қоныс аударушыларға қаржылай көмек көрсетуге мүмкіндік беретін мемлекеттік экономикалық ұтқырлық сертификаты енгізілді. Сертификат тұрғын үй құнының 50 пайыз, бірақ 1160 АЕК-тен аспайтын мөлшерде беріледі.

2023 жылы өңірдің мансап орталықтары осындай 542 сертификат беріп, олар бойынша 1,9 млрд теңге қаражат төленді.

Экономикалық ұтқырлық сертификаттары бойынша ақша қаражатын төлеу туралы шешімнің мемлекеттік органдардың араласуына жол берілмейтін тұрғын үйді сатып алу-сату келісім-шарты ұсынылғаннан кейін шығарылатынын атап өткен жөн.

Шынында да, өкінішке орай, қазіргі уақытта үйлерді сатушылар мен қоныс аударушылар арасында үйлердің бағасын көтеру туралы өзара келісу жағдайлары анықталып жатыр

Алайда, экономикалық ұтқырлық сертификаттарын беруде жұмыс органы болып табылатын мансаптық орталықтардың функционалында мұндай фактілерді анықтауға және жолын кесуге құқықтық өкілеттіктері жоқ.

Біз прокуратура органдарының қоныс аударушылардың алған бюджет қаражаттарын тексеруге араласуын құптаймыз және оларға жан-жақты қолдау көрсетеміз.

"БАҚ пен әлеуметтік желілердің назарына: Павлодар облысының мемлекеттік қызметшілеріне жылжымайтын мүлікке жоғары бағаларды көрсете отырып келісімшарттар жасасу, сертификаттарды заңсыз беру және олар бойынша жүргізілген төлемдерді жымқыруға қатысу жөнінде шағымдар жоқ екенін атап өтеміз", - деді әкімдік өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2108343-pavlodar-oblysy-akimdigi-koshiru-zhobasy-boiynsha-600-mln-tengge-urlangany-turaly-aqparatqa-zhauap-berdi/