Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құрметсіздік танытты": сот Бишімбаевтың адвокатына қатысты жеке қаулы бойынша шешім шығарды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ерлан Ғазымжанов
Ерлан Ғазымжанов. Видеодан кадр: YouTube/Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты

Сот Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжановқа Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот отырысында судья Айжан Құлбаева шығарған жеке қаулының күшін жоюдан бас тартты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Астана қалалық соты адвокат Ғазымжановқа қатысты 2024 жылғы 15 сәуірдегі жеке қаулысы өзгеріссіз қалдырып, адвокаттың шағымын қанағаттандырған жоқ", - деді істі қараған судья.

Үкім сот шешімі жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енеді.

Судьяның айтуынша, адвокаттың уәжі расталмады, ал істегі видеоматериалдар бойынша адвокат Ғазымжановтың сотқа құрметсіздік танытқаны туралы бірінші сатыдағы соттың қорытындысын растады.

"Адвокат іс жүргізу заңнамасының талаптарын біледі, судьяның қаулысы процеске қатысушылардың барлығы үшін міндетті болып табылады, ол өзінің мінез-құлқымен сот отырысында өзін-өзі ұстау ережелерін бұзды және сот отырысының қалыпты өтуіне кедергі келтірді. Сотта құрметсіздік танытты", - деді судья.

Айта кетейік, Салтанат Нүкенованы өлтіру ісі бойынша Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов сот отырысында судья Айжан Құлбаеваның бұған дейін шығарған сот қаулысына апелляциялық шағым түсірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2108355-qurmetsizdik-tanytty-sot-bishimbaevtyng-advokatyna-qatysty-zheke-qauly-boiynsha-sheshim-shygardy/