Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жол бойында тұрған көліктің төбесінде отырған жігіттер видеоға түсіп қалды

Жарияланған күні:

Көліктің төбесінде отырған жігіттер
Көліктің төбесінде отырған жігіттер. Видеодан кадр. : nstagram.com/stories/kris_p_almata

Алматыда жол қақ ортасында көліктің төбесінде отырған екі жігіт видеоға түсіп қалды. Қалалық полиция департаменті тексеріс жүріп жатқанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Instagram желісіндегі kris_p_almata паблигінің Stories бөлімінде Алматыда түнгі уақытта түсірілген видео пайда болды. Кадрларда екі жігіт көше қиылысында тұрған көліктің төбесінде отырып, бағдаршамның жасыл жанғанын күтіп тұрғаны көрінеді.

Полиция тексеріс жүріп жатқанын мәлімдеді.

"Бұл факт бойынша тәртіп бұзушыларға міндетті түрде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданылады.

Бұл ретте жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Жол қателікті кешірмейтінін еске саламыз", - деді Алматы қалалық жол полициясының ресми өкілі NUR.KZ тілшісіне.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2108367-almatyda-zhol-boiynda-turgan-kolikting-tobesinde-otyrgan-zhigitter-videoga-tusip-qaldy/