Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балта қолданған": Алматыда Медеу маңында төбелескен азаматтар ұсталды (видео)

Жарияланған күні:

Төбелес орны
Төбелес орны. Видеодан кадр: instagram.com/ 100baksoff__videos

Желіде Алматыда "Медеу" мұз айдынының маңында болған төбелестің видеосы тарады. Қалалық полиция департаментінің өкілдері аталған жайтқа қатысты пікір білдірді.

Текетірестің видеосы Instagram желісіндегі 100baksoff__videos парақшасында пайда болды. Ал бейнежазба кадрларынан екі ер адамды анық байқауға болады. Олардың бірі жерде отырса, екіншісін бірнеше адам ұстап тұрған.

Бір сәтте жерде отырған азамат құлайды, ал жан-жағындағылар жедел жәрдем шақыра бастайды. Видеода тұрып тұрған азаматтың қолында ұзын таяққа ұқсас зат бар екені де анық көрінеді.

Аталған жайтқа қатысты Алматы қалалық полиция департаментінің өкілдері пікір білдірді. Алдын ала мәліметтер бойынша, төбелескен азаматтар бір-бірімен таныс болып шықты.

"Балтаны қолдану арқылы бұзақылық жасау бойынша қылмыстық іс қозғалды. Төбелеске қатысқан екі азамат та ұсталып, уақытша ұстау изоляторына тоғытылды", - деп жазылған хабарламада.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2108397-almatyda-medeu-mangynda-baltamen-tobelesken-azamattar-ustaldy-video/